Алтай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтер отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ас үйдегі жиһаздар, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанып кеткен.
Құтқарушылар 9 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, 6 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 1 бала бар.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Пікірлер