Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық кешен қала тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекен халқына да қызмет көрсетпек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аурухананың негізгі ғимараты мен педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған.
Бүгінгі таңда дайындық деңгейі емхана бойынша 70%-ды, стационар бойынша 30%-ды, ал тамақтану орны мен сыртқы желілер бойынша 90%-ды құрайды.
2024 жылдың соңында құрылысты аяқтау үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді. Нысанды салуды аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр.
Пікірлер