Бұл туралы аудан басшысы Ренат Құрмамбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай қаласының әкімі болып Сергей Охременко тағайындалды.
Ол 1974 жылы 2 қаңтарда Зырян қаласында дүниеге келген.
1998 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін “Құқықтану”, 2005 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін “Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау” мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1991 жылы Зырян қаласының Мәдениет және техника сарайында бастады.
Мемлекеттік қызметке 1999 жылы келді. Бұған дейін Сергей Охременко Алтай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.
Пікірлер