A+ A A-

talgatzhan 30 27-02-2025, 10:10 0

Риддерде көпқабатты үйден өрт шықты

Бүгін / Риддер

Н.Курек көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдегі пәтер қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД қызметкерлері газ-түтіннен қорғау бөлімшесін құрып, 1972 жылы туған үй иесін эвакуациялады.

Өрт пәтердің жатын бөлмесінде шыққан. Құтқарушылар жалпы аумағы 16 шаршы метр өртті сөндірді. 

Ер адамға медициналық көмек көрсетілді.  

Осы ретте ШҚО ТЖД өкілдері азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив