A+ A A-

talgatzhan 31 13-03-2025, 14:35 0

Алтай ауданында зейнеткер алаяқтарға 17 миллион теңге аударған

Бүгін / Алтай

Ауданда интернет алаяқтықтың деңгейі күрт өсті. 2024 жылдың бірінші тоқсанында келтірілген залал шамамен 22 миллион теңгені құраса, жыл басынан бері 30 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, зейнеткер несие алып, алаяқтарға 17 миллион ​​теңге аударған. Қаражат шетелге жіберілгендіктен, қылмыс ашылмаған күйінде қалды.

Тағы бір аудан тұрғыны алаяқтардың жалған инвестиция туралы айтқанына сеніп қалған. Ол 9 миллион теңгеге несие алып, үш күн ішінде басқа шотқа аударып жіберген.

Осы ретте полиция қызметкерлері күдікті қоңыраулар мен ұсыныстар түссе, дереу сенімді адамдармен кеңесу керектігін ескертеді. Сондай-ақ eGov немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы несиеден ерікті бас тартуға болады. Соның арқасында сіздің келісіміңізсіз ешкім несие алуға өтініш бере алмайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив