A+ A A-

talgatzhan 31 14-03-2025, 01:00 0

Риддерде жұмыс кестесі өзгерді

Бүгін / Риддер

Риддер қаласында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді жұмыс күні 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады, ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Жаңашылдықты облыстағы 13 әкімшілік бірліктің 12-сі қолдады. Кейінірек Риддер де қосылды.

Облыс әкімдігі мәліметінше, аталған өзгеріс аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер еткен жоқ.

Жергілікті тұрғындар пікірінше, жаңа жұмыс кестесі ыңғайлы әрі алдын ала болжамды.

  • Бұл – дұрыс және уақтылы қабылданған шешім. Біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда таңертең қараңғыда жұмысқа барудың қажеті жоқ. Екіншіден, таңғы уақытта еңбек өнімділігі жоғары, жұмыс істеу жеңілірек әрі жылдамырақ, – дейді қала тұрғыны Ляззат Шаяхметова.

Тағы бір тұрғын Ольга Вахрамеева жаңа жұмыс кестесін өте ыңғайлы болғандықтан құптайтынын жеткізді.

  • Жаңа тәртіп балабақшалардың жұмыс уақытымен жақсы үйлеседі, олар 08:00-де ашылады. Ерте бастасақ – ерте аяқтаймыз, бұл отбасымызға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді,- деді ол.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужанов өзгеріс жөнінде тұрғындармен талқыланғанын алға тартты.

  • Біз риддерліктермен бірқатар кездесу өткізіп, бұл мәселені талқыладық. Қала тұрғындары бастаманы қолдады. Жаңа жұмыс кестесі уақытты тиімді басқаруға және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі деп ойлаймын, - деді ол.

Жалпы, жаңа жұмыс тәртібі қала тұрғындары арасында оң көзқарас тудырды. Бұл өзгеріс еңбек пен жеке уақыт арасындағы үйлесімділікті жақсартып, жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив