A+ A A-

talgatzhan 24 15-03-2025, 21:00 0

Риддерліктер жақсылық жасап жарысты

Бүгін / Риддер

«100 игі іс» челленджі аясында түрлі мекеме, ұйымдар шараға белсене атсалысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Наурыз мейрамын» мерекелеу құрметіне бастамаға қосылған әрбір ұйым бір игі істі орындап, өзара көмек тізбегін қалыптастыра отырып, эстафетаны одан әрі табыстады. Бұған қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мұрындық болды.
- Бастама қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікті таратуға бағытталған. Қатысушылар мұқтаж жандарға көмектесіп, экологиялық акция өткізіп, білім беруді қолдап немесе қоғамның дамуына кез-келген жолмен үлес қоса алады, - деді ұйымдастырушылар.
Бұл күні Жастар ресурстық орталығы «Rico» еріктілерімен бірлесіп, тұрғын үйді ретке келтіріп, тазалыққа мән берді. «Ассамблея жастары» мүшелері «Рeloton» спорт клубымен бірлесіп «Эдельвейс» демалыс базасында қайырымдылық іс-шарасын қолға алды. Поперечное ауылында орталық кітапхана жүйесі «Кітап сыйла» акциясын өткізіліп, атаулы көмек шеңберінде Мәдениет үйі аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығын табыстады. Қалалық білім бөлімі өкілдері де церебральды сал ауруы бар балаға азық-түлік жиынтығы мен ақшалай көмек беріп, бастаманы қолдай түсті.
- Бұл шаралар үйлесімділік пен жауаптылықтың адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге қалай көмектесетінінің айқын мысалы болады.
100 игі істің әрқайсысы қамқорлық, өзара көмек және бірлік атмосферасын құруға үлес. Акцияға қатысушылар мұқтаж жандарға нақты қолдау көрсетіп қана қоймай, жақсылық жасау қарапайым әрі маңызды екенін көрсетеді, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив