A+ A A-

talgatzhan 36 17-03-2025, 12:30 0

Өскемен - Риддер тасжолын жөндеу қашан басталады?

Бүгін / Өскемен / Риддер

Облыстық маңызы бар «Өскемен-Риддер» тасжолында жөндеу жұмыстарының басталу күні белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

15 сәуірден бастап "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ қызметкерлері Секисовкадан Риддерге дейінгі жол учаскесінде орташа жөндеуді жалғастырады. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жалпы ұзындығы 30 шақырым (Өскеменнен Секисовкаға дейін) тасжолдың екі учаскесі аяқталып, пайдалануға берілген еді.
- Өскеменнен Риддерге дейінгі жол 105 шақырымды қамтиды. Жыл соңына дейін Секисовкадан Риддерге дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жолдың жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайды, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ШҚО бойынша филиалында.
АҚ деректері бойынша қазіргі уақытта жол төсеуге арналған шикізаттар дайындалуда, 15 сәуірден бастап жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Фотосурет: drive2.ru

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив