A+ A A-

talgatzhan 31 19-03-2025, 10:30 0

Алтай аудандық ауруханасының стационарында жөндеу жұмыстары аяқталды

Бүгін / Алтай

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Алтай ауданындық ауыруқанасынның көпсалалы стационарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны шамамен 680 миллион теңгені құрайды. Травматология, хирургия, кардиология, анестезиология және реаниматология бөлімшелері қалпына келтірілді. Сондай-ақ ғимараттың шатырын жөндеуге 71 миллион теңге бөлінді. Барлық жұмыс ұлттық жоба аясында бюджет қаражаты есебінен іске асырылды.

Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді, бұл өз кезегінде емдеу процесін тоқтатпауға мүмкіндік берді. Жұмыстар барысында ғимараттың жылыту, су құбырлары мен электр жүйелері толығымен ауыстырылып, жаңа санитарлық техника орнатылды.

- Стационар ғимараты 1964 жылы салынған, осы уақытқа дейін тек косметикалық жөндеу жүргізілген болатын. Қазір кабинеттер мен палаталар жарық әрі жайлы болды. Емделушілердің де көңіл-күйлері жақсы, – дейді аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бекжан Ғалиев.

Нәтижесінде аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі айтарлықтай артты. Әсіресе, қазіргі заманғы санитарлық-техникалық жабдықтар мен жаңартылған бөлімшелер аурухана қызметінің тиімділігін жоғары деңгейге көтеруде маңызды рөл атқарып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив