A+ A A-

talgatzhan 45 20-03-2025, 16:00 0

Риддерде білекті жігіттер жаппай көкпар тартты

Бүгін / Риддер

Қалада Наурызнама онкүндігінің 7-ші күні - Ұлттық спорт күні атап өтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұзау тіс ырғай қамшысын тістеген шабандоздар тұлпарын дүркін-дүркін сабап, қалың топқа қойып кетті. Риддер аумағында ат тұяғының дүбірі соңғы жылдары жиі естіліп жүр. Қазақы рух жылқы малына жақын әр азамат бойында бұлқынып, бұрынғы атшабар аумағында жұрт шуласты. Былтыр жаңбыр сілбілеп тұрған күздің қарасуығында бірнеше ауданнан келіп, жаппай көкпар тартқан еді. Бүгін де жүректі һәм білекті жігіттер барын салды. Ұлттық спорт күні олардың бас қосуларына тамаша негіз болған.
 - Осының құрметіне Риддер қаласында қалалық командалар арасында көкпар мен аударыспақтан ойын-сауық жарыстары өтті. Қатысушылар күш, ептілік және жауынгерлік рухты көрсетті, ал көрермендер көптеген жарқын эмоцияларға ие болды, - деді ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ұсынған мәліметте.

Фотосуретті ұсынған Наталья Перова

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив