A+ A A-

talgatzhan 30 4-04-2025, 17:30 0

ШҚО-дағы 165 қоқыс полигонының 21-і ғана талапқа сай

Бүгін / ШҚО / Өзекті мәселе

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтың сөзінше, өңірдегі экологиялық ахуалға қатысты сыртқы талдау жүргізілді. 

Соның нәтижесінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бойынша бірқатар бұзушылық анықталған. 
- 165 полигонның 21-і ғана экологиялық заң талаптарына сәйкес келеді. Марқакөл, Үлкен Нарын, Самар, Катонқарағай және Зайсан аудандарында қажетті құжаттар тізімі мен жер телімін бөлу сынды мәселелер анықталды. Барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелі бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті нұсқаулар жіберілді, - деді Денис Шакенов.

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив