Іс-шараға Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А.Асқарова, технологиялық колледждің директоры Т.М.Маутиева, Мансап орталығының директоры Б.Б. Бекбусинов, жұмыс берушілер қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара барысында жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қазіргі еңбек нарығының тенденциялары, бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау арқылы жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, оқу үшін жұмысшы мамандықтарын таңдаудың маңызы, электронды еңбек биржасымен жұмыс істеу дағдылары туралы пайдалы ақпарат алды.
Шеберлік қойылымдары өткізілді. Болашақ «аспаздар», «құрылыс техниктері», «темір пісірушілер», «автомеханиктер» және «жиһаз құрастыру шеберлері» өз өнерлерін көрсетті.
Пікірлер