ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қала тұрғыны интернет-ресурстарда құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша жалған хабарландырулар орналастырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол жалған мердігерлік шарттар жасасу арқылы жерлестерінің ақшалай қаражатын иемденіп, өзіне алған міндеттемелерді орындамаған. Осылайша бестен көп қала тұрғыны елеулі материалдық шығынға ұшырады.
- Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары қолға алынды. Атап өтейік, бұл баптың санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген, - делінген ресми мәліметте.
Пікірлер