Өңір басшысы Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласындағы №97638 әскери бөлімге барып, тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1942-ші жылы құрылған бөлімнің тарихы 316-шы гвардиялық миномет полкі ретінде басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында оның жауынгерлері жоғары марапаттарға ие болған. Соғыстан кейін де бөлім бейбіт өмірде маңызды міндеттерді атқарып келеді, соның ішінде Бұқтырма СЭС-ін күзету де бар.
Әскери бөлім Қазақстандағы әскери тарихы терең және жауынгерлік дәстүрі бай бөлімдердің бірі саналады.
Бұл жер – ерлік пен даңқ шежіресі, Курск шайқасы, Днепр, Варшава және Берлин майдандарында жауынгерлер ерекше ерлігін көрсетті. Бүгінгі сарбаздар осы мұраны сәтті жалғастырып келеді. Отанды қорғау барлығымыздың басты міндетіміз, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Аманұлы.
№97638 әскери бөлімі командирінің орынбасары Әділ Сәбитұлының сөзінше, бөлімге облыс басшысының келуі – сарбаздар мен офицерлер үшін зор қолдау.
– Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықты Ұлы жеңістің 80 жылдығымен және келе жатқан мерекемен құттықтаймын, ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғау – әр жауынгердің қасиетті борышы, – деді ол.
Сапар соңында облыс басшысы аталған бөлім асханасында сарбаздармен бірге дәстүрлі әскери түскі ас ішіп, олардың күнделікті тұрмысымен танысты.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ
Пікірлер