A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 10:30 0

Алтай ауданында Аналар күні атап өтілді

Бүгін / Алтай

11 мамыр күні Алтай қаласының №1 бастауыш мектебінде Аналар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл күні балаларын сүйіспеншілікпен және инабаттылықпен тәрбиелеп жүрген, мектеп пен ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысатын аналар құрметке бөленді.

Аудандық мәслихат төрайымы Лариса Гречушникова мен білім бөлімінің басшысы Бақытгүл Канафина аналарға өз балаларына деген сүйіспеншілігі, жанкешті еңбегі мен қамқорлығы үшін алғыс сөздерін білдірді.

Балаларды лайықты тәрбиелегені және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін аналарға алғыс хаттар табысталды: Ушакова Т.А, Савоськина Г.А, Андронова Я.В, Даулетова А.Т, Грислит Т.А, Пителина А.Н, Абдрахманова А.В, Самойлова Л.А, Апсалыкова М.Т, Касанова А.Т.

Мектеп оқушылары арнайы концерттік бағдарлама дайындады. Онда аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер мен әндер орындалып, билер мен ойындар ұсынылды. Мерекелік шара жылы әрі шынайы атмосферада өтті. Оның қорытындысы ретінде қатысушылар естелікке ортақ фотосуретке түсті.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив