A+ A A-

talgatzhan 30 23-05-2025, 16:15 0

Риддердегі “Шаңырақ” мектебінің жаңа ғимараты қашан ашылады?

Бүгін / Риддер

ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның сөзінше, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы мен Риддер қаласының әкімдіктері және «Казцинк» компаниясы арасында тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды. Мектептің құрылысы 1 жарым жылдың ішінде аяқталады деп көзделген.
- “Шаңырақ” мектебінің жаңа ғимараты 600 орынға арналған. Білім ордасы балалардың жан-жақты дамуы үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары көктемде қарқын алды. Бұған дейін құжат мәселесі сәл ұзап кеткен еді. Дегенмен нысан көп күттірмей, осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз, - деді Инесса Чернышева.
Белгілі болғандай, білім ордасының ескі ғимараты да қалпына келтіріледі. 
- Ескі мектептің жағдайына қатысты сараптама жүргізілді. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алдын ала жоспар бойынша ол жерде балалар шығармашылығы орталығы ашылмақ. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді, - дейді басқарма басшысы. 
Айта кетейік, қазір “Шаңырақтың” оқушылары №11 мектепте уақытша білім алып жатыр. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив