Бүгін Риддер қаласының Тілдерді оқыту орталығы "Лингвистикалық прогресс: жасанды интеллект призмасы ауқымында" атты облыстық семинар-тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған семинарға өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Теориялық блок жұмысында "Халықаралық “Қазақ тілі" қоғамы ҚБ ШҚО бойынша Риддер қалалық филиалының көрмесі мен баяндамалар ұсынылды. Ал практикалық блок жұмысында "Сөз бен мағына - тіл сәулеті" жаңа өнімдер көрмесі, “Қазақ тілі пәнінің үздік оқытушысы” ашық қалалық сайысы, "Жазу тарихы" тақырыптық квест көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қала әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев марапаттау және сертификаттар табыс ету рәсімін жүргізді.
Пікірлер