ҚТҚ өңдеу полигонының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ескі қоқыс полигоны бұрыннан қолданылып келеді. ҚТҚ-ны қосымша орналастыруға әлі де мүмкіндік бар. Бірақ экологиялық рұқсаттың мерзімі өтуде.
- Қазір біз меморандумға қол қойып, Алтай қаласының маңында жаңа ҚТҚ полигонын салуға жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастадық. Ол қолданыстағы полигонға жақын жерде орналасады. Топырақ қабаты алынып, қажетті санитарлық және экологиялық ережелерге сәйкес салынады, - деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.
Келесі жылы полигонның құрылысы басталады.
Пікірлер