Аудандық сот рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан Түркия азаматтарын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
15 сәуірде көші-қон полициясының қызметкерлері көші-қон заңнамасының бұзылғанын анықтады. Түркия азаматтары Қазақстанға жеке виза бойынша келгенімен, байыту фабрикасының аумағында монтаж жұмыстарымен айналысқан. Бұл — визада көрсетілген келу мақсатына қайшы әрекет. Тексеру нәтижелері бойынша іс материалдары сотқа жіберілді.
Істі қарау барысында шетелдіктердің ҚР ӘҚБтК 517-бабын бұзғаны жиналған дәлелдермен расталды. Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді, ал ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.
Әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш — 98 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулылары заңды күшіне енді.
Пікірлер