A+ A A-

talgatzhan 35 24-06-2025, 14:35 0

Алтай ауданының тұрғындары әкімге хат жолдай алады

Бүгін / Алтай

Аудан орталығында тұрғындармен қарым-қатынастың жаңа форматтары енгізілуде. Қала көшелерінде QR-коды бар баннер пайда болды. Оны сканерлеу арқылы аудан әкіміне тікелей хабарлама немесе шағым жіберуге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Барлық хабарлама автоматты түрде аудан әкімдігінің өтініштерді қабылдау бөліміне бекітілген телефонға жіберіледі. Маман оларды жауапты тұлғаларға бағыттайды. WhatsApp аккаунты жергілікті биліктің қолжетімділігін жақсарту үшін арнайы ашылған.

– QR-кодтардың үйреншікті тәжірибеге айналып келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз өтініштерді жіберудің қарапайым құралын жасадық. Азаматтар QR-кодын сканерлеп, чат арқылы өз сұрағын бірден жібере алады. Бұл ыңғайлы және тиімді. Қарапайым механизмді ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы әзірледі, -деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив