A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 14:00 0

Риддерде "Ата мұра" ұлттық ойындары өтіп жатыр

Бүгін / Риддер

Бүгін Риддерде ұлттық рухты көтеретін дәстүрлі "Ата мұра" ұлттық ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шара қазақ халқының тарихи мәдениетін жаңғырту, салт-дәстүрін дәріптеу және жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда.


– Бүгін Риддер қаласында «Ата-мұра ойындарына» Оңтүстік, Солтүстік Қазақстаннан, Орал, Ұлытаудан азаматтар келіп, біздің жарысқа атсалысуда. Осындай іс-шараны ұйымдастырған Риддер қаласының әкімдігіне алғыс айтамын. Көкмайсада қазақтың кеудесін қағыстырып, түрлі спорттан бақ сынату үлкен мәртебе дер едім. Риддерде бұл ойын биыл алғаш рет өткізіліп жатыр. Осындай іс-шаралар ұлттық спорттың рухын көтереді, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Еркебұлан Төреханов.


Ойындар аясында қазақ күресі, арқан тарту, бәйге және садақ ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив