Іс-шараға белсенді жастар, қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары, мемлекеттік мекеме өкілдері және өңірдің экологиялық тұрақты дамуына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы. Негізгі қатысушылар қатарында «Өскемен орман шаруашылығы» КММ, «Кіші Үлбі» орманшылығының өкілдері, Алтай ауданы Жастар ресурстық орталығының әдіскері Құттыбаева М.Е. болды.
Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық білімді ілгерілету және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастыру. Қатысушылар энергия мен жылуды ұтымды пайдалану, табиғи ресурстарды тиімді басқару, биологиялық алуан түрлілікті сақтау және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел аясында қазіргі экологиялық сын-қатерлер, табиғи экожүйелерге әсер ететін антропогендік факторлар және оларды бейтараптандыру жолдары туралы баяндамалар ұсынылды. Сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жасыл желектер отырғызудан бастап жастар арасында ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға дейін нақты бастамалар көтерілді.
Маңызды нәтижелердің бірі – түрлі құрылымдардың күш-жігерін біріктіру және бірлескен іс-қимыл жоспарын қалыптастыру. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және халықтың тұрақты даму мәселелеріне қатысты хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара табиғатты сақтау мен өңірдегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге және ынтымақтастықты жалғастыруға шақырумен аяқталды.
Пікірлер