Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, қалада 277 бейнебақылау камерасын және 17 «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмысты «Satory Company LTD» ЖШС жүргізді. Болашақта компания барлық орнатылған бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсетеді.
– Заманауи «Мерген» кешендерінің жұмысы жетілдірілген. Кешеннің камералары жоғары сапалы түрлі-түсті бейнелерді көрсетеді, не болып жатқаны анық көрінеді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қосымша 277 бейнебақылау камерасы орнатылды. Кейбіреулері жасанды интеллект элементтері бар аналитикалық модульдермен жабдықталған. Бұл технологиялар адамдардың бет-әлпетін тануға, күдіктілерді немесе із-түзсіз жоғалған адамдарды анықтауға, ал егер бет-жүзін тану мүмкін болмаса, сыртқы киімінің түсі, сақал-мұрты, көзілдірігінің болуы және басқа да белгілері бойынша адамды табуға мүмкіндік береді, - деді аудан басшысы.
Пікірлер