A+ A A-

talgatzhan 35 12-08-2025, 11:00 0

Риддердегі жылу желілерін күрделі жөндеуге 550 млн теңге жұмсалмақ

Бүгін / ШҚО / Риддер

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратовтың мәліметінше, 2025-2027 жылдары энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар жобаға қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мәселен, технологиялық жабдықты күрделі жөндеуді аяқтауға 204,8 млн теңге, Риддер ЖЭО-ның ОРУ-35-110 кВ құрылғысын жабдықтауға 99,6 млн.теңге қарастырылмақ. 

- Риддер қаласының жылу желілерін күрделі жөндеуге 550 млн теңге, отын сатып алуды субсидиялауға 2 015,1 млн теңге, Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінің су құбыры магистральдық желілерін жөндеуге 100 млн теңге, Марқакөл ауданына кіретін Ұрынхайка ауылындағы демалыс аймағының инфрақұрылымын жөндеуге 100 млн теңге бөлінеді, - деді  Нұрсұлтан Маратов.

Бұдан бөлек, су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша Өскемендегі Комсомольский кентіне 177,4 млн теңге, Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылына 200 млн теңге бағытталмақ. 

Кварталішілік жылу желілерін қайта құру үшін Глубокое кентіне 250 млн теңге, Самар ауылына 132 млн теңге бөлінеді.

Су құбыры желілерінің құрылысын аяқтауға Березовка ауылы бойынша 44 млн теңге, Шемонаиха ауданына қарасты Большая Речка ауылы бойынша 39,5 млн теңге жұмсалады. 

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив