Жаңа демалыс орны жыл бойы жұмыс істейді деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембиновтің сөзінше, курорттың жанынан аумағы 34 мың шаршы метр болатын сауда орталығы бой көтереді.
- Демалыс орнына 1000 гектар жер бөлінді. Әкімдік қорына тиесілі 370 гектары құрылысқа дайын, ал 630 гектары мемлекеттік орман қорының құрамына кіреді. Оны облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туристік ағынды қайта бөлуге және іскерлік белсенділікті ынталандыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша жазғы туристік маршруттардың да, шаңғы трассаларының да ұзындығы 10-нан 40 шақырымға дейін жетеді, - дейді Ержан Сембинов.
Белгілі болғандай, курорт бір мезетте бес мыңнан сегіз мыңға дейінгі туристі қабылдайды деп болжануда.
Жоба түрлі деңгейдегі тасжолдарды қамтиды. Сондықтан демалыс орнында халықаралық жарыстарды да өткізуге болады.
Пікірлер