A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:30 0

Алтай ауданының әкімдігіне “қонаққа” барған аю іздестірілуде

Бүгін / Алтай

Серебрянск қаласында аю кездейсоқ қала әкімдігі маңайына барған. Оқиға әлеуметтік желілерде тез тарады. Видеода жыртқыш жануар әкімдік ғимаратына жақындаған сәт түсірілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Әкімдік өкілдері бұл жағдайға ресми түсініктеме беріп, аюдың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Қала әкімі Нұргүл Бақынованың айтуынша, екі апта бұрын Поперечка ауылы тұрғындарынан жақын маңда аю іздері табылғаны туралы хабар түскен. Әкімдік бұл хабарды ШҚО табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалану жөніндегі басқармаға жолдаған.

- 10–12 тамыз аралығында арнайы әрекет ету бригадасы қала аумағында тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардан сұрастырған. Бірақ жануарды таппаған. 18 тамызда аю түнгі уақытта қала алаңында көрінгені тіркелген, - дейді әкім.

Осыған байланысты әкімдік қайтадан арнайы бригаданы шығарып, жануардың орналасқан жерін анықтау және қажетті шаралар қолдану жұмыстарын жалғастыруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив