A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 13:00 0

ШҚО әкімі Риддердегі жылу орталығына барды

Бүгін / Риддер

Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барды. Өңір басшысының ерекше назарындағы алғашқы нысан – Риддер жылу электр орталығы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл жылу көзінің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге, ал Үкімет резервінен 5,6 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, «ШығысЖылу» АҚ Риддер филиалына отын сатып алуға 1,6 млрд теңге бағытталды.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, төрт қазан агрегаты күрделі жөндеуден өтті, олардың екеуі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Көмір беру тракты толық жөнделді, екі турбинаның бірі жұмыс істеуде, екіншісінде қажетті жұмыстар аяқталуға жақын. Жалпы ұзындығы алты шақырымнан асатын 23 учаскеде жылу желілеріне жөндеу жүргізіліп жатыр.

Станцияда 20 күндік отын қоры жасақталған, басшылық «Қаражыра» кен орнымен көмір жеткізуге келісімшартқа отырды. Жақын күндері Риддер ЖЭО жылыту маусымына дайындық төлқұжатын алмақ.

Облыс әкімі бұл нысанның ерекше бақылауда екенін атап өтті.

— 2022 жылғы жағдайдың қайталанбауы үшін қажетті жұмыстарды уақтылы орындап, сын көтермейтін сәттерге жол бермеу аса маңызды, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив