Қала тұрғындары заманауи медициналық кешенге қол жеткізбек. Мұнда бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емхананың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін бұл нысандағы құрылыс жұмыстарын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов барып көрді.
Оның айтуынша, медициналық мекемеде қажетті жабдықтар орнатылған, қазір мамандар іске қосу жұмыстарын жүргізуде.
— Бұл - Риддер үшін маңызды әлеуметтік нысандардың бірі. Қаланың халқы өсіп келеді, туристер легі де артуда, сондықтан сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігі — басты назарда. Жаңа кешен тұрғындарды заманауи медициналық қызметтермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді өңір басшысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл құрылыс жұмыстарын аяқтауға қайтарылған активтер есебінен 15 млрд теңге бөлінді. Ал келесі жылы көпсалалы аурухана кешенінің құрамында 200 орындық стационар жұмысын бастайды.
Медициналық кадрлардың кәсіби дамуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Ғимаратта дәрігерлерге арналған семинарлар мен тұрғындармен профилактикалық кездесулер өтетін акт залы қарастырылған.
Пікірлер