A+ A A-

talgatzhan 30 3-09-2025, 12:00 0

Риддерде қала көшелеріне аю кіріп кетті

Бүгін / Риддер

Желіде тараған видеода аюдың көше жолдарын кезіп жүргенін көруге болады. Тіпті жер үйлердің маңына таяп та барған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осыған қатысты "Риддер орман шаруашылығы" мекемесінен түсініктеме берді.

- Риддердегі аю саны бұрыннан бері көп болған. Себебі оның санын реттеу жүргізілмейді. Осы жылы аюлардың елді мекендерге жиі шығуының басты себебі – орманда қоректің болмауы. Көктемдегі аяз салдарынан жидек шықпады. Шие, қарақат жоқ. Сондықтан аюлар далада күнбағыс жеп, қала ішіндегі қоқыс жәшіктеріне түсе бастады. Егер аю май жинай алмаса, қыста ұйқыға кетпейді немесе ерте оянып кетуі мүмкін. Ал бұл өте қауіпті, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив