Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Кедровка өзеніне ағып кеткен 64 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 31 тамызда болған.
Квадроцикл тізгіндеген екі ер адам өзенге құлап кеткен. Олардың біреуі өз бетімен жағаға шығып үлгерсе, екіншісін қатты ағыс алып кеткен. Содан бері құтқарушылар мен еріктілер оны іздестіріп жатыр.
- Құтқару жұмыстарына қайықтар, өтімділігі жоғары техника және дрондар жұмылдырылған. Дегенмен, аймақта толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, ағыс күшейгендіктен әзірге нәтиже жоқ, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Іздеуге Бутаково ауылының тұрғындары да атсалысуда. Олар өз қайықтарымен өзен арнасын шолып жүр. Алайда әуеден бақылау жүргізу үшін дрондар жеткіліксіз екені айтылды.
Пікірлер