A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:30 0

Алтай ауданында бес балықшы жоғалып кетті

Бүгін / Алтай

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне бес ер адамның балық аулау үшін Алтай ауданына шығып, үйлеріне оралмағаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға орнына дереу ТЖМ құтқарушыларының жедел тобы жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары күрделі жер бедері мен өтуі қиын аймақтарда жүргізілді.

Іздеуге ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), жүзу құралдары және жаяу іздеу топтары жұмылдырылды. Балықшылардың көлігі дронның көмегімен табылды.

Тексеру барысында ер адамдар мінген көліктің бензині таусылып, ауа райының қолайсыздығына байланысты жақын елді мекенге жете алмағаны анықталды. Олармен байланыс болмаған.

Іздеу нәтижесінде балықшылар аман-есен табылып, қайықпен қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив