A+ A A-

talgatzhan 31 11-09-2025, 09:00 0

Риддерде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық акция өтті

Бүгін / Риддер

Іс-шара Круглая сопка тауының баурайында ұйымдастырылып, 120 шырша мен 80 емен көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ағаш отырғызу — табиғи тепе-теңдікті сақтап, қаланы көгалдандыру жолындағы маңызды қадам.

Бұдан бөлек, акцияға қатысушылар аумақты тазалап, қоқысты жинап, тәртіп орнатты. Соның нәтижесінде бұл тұрғындардың демалуы үшін анағұрлым таза әрі жайлы орынға айналды.

Шараға 400-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында түрлі ұйымдардың өкілдері, жастар мен белсенді тұрғындар бар.

Ортақ күш-жігердің арқасында бұл акция туған өлкені құрметтеудің, бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив