13 қыркүйекте Тишин станциясында "Саламатты Қазақстан" жылжымалы медициналық кешені жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
13 қыркүйекте Тишин станциясында "Саламатты Қазақстан" жылжымалы медициналық кешені жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Науқастарды қабылдау 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін). Барлық қызмет МӘМС және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін көрсетіледі.
Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған. Қабылдауды терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог (ересектер мен балалар), кардиолог, стоматолог (ересектер мен балалар), офтальмолог (ересектер мен балалар), отоларинголог (ересектер мен балалар), гинеколог, ультрадыбыстық маман және рентгенолог жүргізеді. Бригада құрамында медиаторлар мен заңгерлер де жұмыс істейді.
Тұрғындар үшін электрокардиография (ЭКГ), рентген, маммография, ультрадыбыстық және зертханалық зерттеулер бар. Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық тексерістер жүргізіліп, жоспарлы емдеуге жолдамалар беріледі.
Үйден шыға алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы мобильді бригада жұмыс істейді.
Тишин станциясына жету үшін 13 қыркүйекте сағат 08:30-да Даңқ Обелискінен автобус жіберіледі.
Пікірлер