Кеншілер шаһарында жылу желілерін жөндеу уақытынан кешігуіне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоспарланған 6 шақырымның бүгінге дейін небәрі 5 шақырымнан астамы орындалып, 84%-ды құрады. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі 1 қыркүйекке дейін белгіленген еді. Бұған дейін Риддер ЖЭО-ны жөндеуге Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Қала климатына байланысты тиісті шараларды уақтылы аяқтау аса маңызды. Тексеру қорытындысы бойынша міндеттемелерін мерзімінде орындамаған мердігерлерге қатысты шаралар қабылданады.
Пікірлер