Қазір отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық - елдегі ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Осы ретте облыста қылмысқа қарсы шаралар күшейтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде әйелдер мен балаларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін дағдарыс орталықтары мен баспаналар жұмыс істейді. Өскемен, Алтай және Шемонаиха қалаларында уақытша паналау орындары бар, онда зардап шеккендер 6 айға дейін тұра алады.
- Жыл басынан бері облыста отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 3 мыңнан астам арыз тіркелді. Дағдарыс орталықтарына 2 793 адам жүігініп, 84 әйел уақытша баспаналарға орналастырылды, – деді ШҚО ПД ЖПҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алёна Мокина.
Айта кетейік, биыл аймақта 3 мыңнан астам қорғаныс нұсқамасы шығарылды.
Пікірлер