A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:40 0

ШҚО-да полиция ер адамнан 1 млн теңгенің мефедронын тәркіледі

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Өскемен қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобы облыс прокуратурасымен бірлесіп Алматының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке тінту кезінде одан қара және сары түсті таспамен оралған 33 түйіншек табылды. Ішінде ақ ұнтақ зат болған. 

Сараптама нәтижесінде оның жалпы салмағы 42,7 грамм мефедрон екені анықталды. Бұл 40-тан астам бір реттік дозаның көлеміне тең. Қара нарықтағы бағасы бір миллион теңгеден асады. 

Қазіргі уақытта “Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің ауыр зардаптарын еске салады және азаматтарды өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ заңды қатаң сақтауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив