Бүгін жаңа аурухананың құрылысы тексеріліп, оған қала мәслихатының депутаттары, қоғам өкілдері мен «Аманат» партиясының партиялық бақылау тобы қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде нысандағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы түрде жүргізілуде. Поликлиникалық блоктың дайындығы 99%-ды, ал стационардың дайындығы 80%. Қажетті жабдықтардың барлығы сатып алынып, орнатуға дайын. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізіліп, ішкі инженерлік коммуникациялар тартылуда.
Ресми ақпаратқа сәйкес, құрылыс жұмыстары екі ауысыммен ұйымдастырылған, нысанда түрлі салалар бойынша 260 маман жұмыс істеуде. Олар қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Жұмыс барысы құрылыстың уақтылы аяқталуына ешқандай қауіп немесе кедергінің жоқ екенін көрсетіп отыр.
- Осылайша, Риддер қаласындағы жаңа аурухананың құрылысы жоспар бойынша жалғасуда және белгіленген мерзімде аяқталады, - делінген қала әкімдігі ұсынған ақпаратта.
Пікірлер