Белгілі болғандай, жылу алдымен әлеуметтік нысандар, кейін тұрғын үйлерге беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Орташа тәуліктік ауа температурасының ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап ететін деңгейге дейін тұрақты төмендеуіне байланысты әлеуметтік-мәдени нысандарды 24 қыркүйектен, көпқабатты тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды 30 қыркүйектен бастап жылуға қосуды сұраймын, - делінген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужановтың «Шығыс Жылу» АҚ жергілікті филиалының басшылығына жолданған хатында.
Мамандар мектептерге, балабақшалар мен ауруханаларға жылу беруді қолға алды.
Пікірлер