«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында 10-11 қазан күндері Риддер қаласының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
10 қазан сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармонияның фойесінде көрме өтеді.
Ал сағат 18:00-де филармонияның көрермен залында Риддер қаласының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті басталады.
11 қазан күні сағат 08:00-де Жібек жолы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Пікірлер