1992 жылы туған Вероника Иванова 4 маусымда Глубокое ауданына қарасты Предгорное ауылындағы үйінен шығып, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
LIDER.KZ еріктілерінің айтуларынша, сол күні әйел көк шалбар, мысықтың суреті бар қызыл жейде және күлгін түсті аяқ киім киіп кеткен.
- 2 қыркүйекте Глубокое аудандық полиция бөліміне әпкесінің жоғалып кеткені туралы өтініш түсті. Әйел 4 маусымнан бері байланысқа шықпаған. Іздестіру жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Фотосурет: LIDER.KZ
Пікірлер