Облыс орталығында “Туған жер – алтын бесігім!” жобасы аясында Алтай ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
11 желтоқсан:
Сағат 10:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездесу;
Сағат 11:00-де "Maxi Mall" сауда орталығында (Сәтбаев даңғылы, 51) қала тұрғындары арасында Абайдың 180 жылдығына арналған "Ұлы Абайдың қара сөзі" викторинасы;
Сағат 11:30-да Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерімен кездесу;
Сағат 15:00-де Серебрянск музыка мектебінің мұғалімдерінің Халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің студенттерімен кездесуі;
Сағат 17:00-де Б.Александров атындағы спорт сарайында (Абай даңғылы, 2) шайбалы хоккейден облыстық ашық турнир өтеді.
12 желтоқсан:
Сағат 14:00-де “MAXI MALL” сауда орталығында (Сәтбаев даңғылы, 51) “Халықтар достығы” флеш-мобы;
Сағат 17:00-де ШҚО филармониясында (Протозанов көшесі 43) “Абай әлемі” көрмесі;
Сағат 18:00-де ШҚО филармониясында (Протозанов көшесі 43) концерт ұйымдастырылады.
13 желтоқсан:
Сағат 08:00-де “Алтай” көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Алтай ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Онда жергілікті тауар өндірушілердің, фермерлердің және шаруа қожалықтарының өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылады: ет (сиыр, жылқы, қой және құс еті), картоп пен көкөністер, жеке шаруашылықтардың сүт өнімдері, күнбағыс майы, балық, бал, үйде жасалған тұздықтар.
Жәрмеңкеге қатысушылар үшін концерттік бағдарлама, байқаулар және спорттық ойындар өткізіледі.
Пікірлер