Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері осы аптаның соңына дейін қоғамдық көліктерде электронды билет сату жүйесі іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған дейін қызмет еткендер қалада жұмыс істеуден бас тартқан еді. Көп ұзамай бұл жұмысты жалғастыратын жаңа компания табылды.
- Біз Семейдегі Smart City компаниясымен электронды билет сатуды енгізу туралы келісімге қол қойдық. Қазір автобустарға валидаторлар орнатылып жатыр. Карта арқылы жол жүру бағасы — 130 теңге. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылады, - деді коммуналдық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Рауан Құрметұлы.
Жол жүруге арналған картаны Гоголь көшесі, 2/3 (ПАТП) мекенжайындағы «Казавтолайн ТК» ЖШС-дан сатып алуға болады.
Айта кету керек, карталар Өскемен немесе Семейдегі автобустарда жұмыс істемейді.
Пікірлер