Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Алтай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс басшысы Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Мұнда 600-ден астам бала мен жасөспірім түрлі спорт түрімен айналысады. Оларға тиісті жағдай жасалған.
–Хоккей модулінде кёрлинг жаттығуларына келетіндер қарасы қалың. Олардың арасында нәтиже көрсетіп жатқандар да аз емес. Мәселен, Ангелина Пеняева Қазақстан құрамасы сапында кёрлингтен өткен «Pan Continental Curling Championship» халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Додa 2025 жылдың 19-26 қазаны аралығында АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Эвлет қаласында өтті. Ангелина бұл спорт түрімен 2020 жылдан бері айналысып келеді, –делінген әкімдік ақпаратында.
Облыс басшысы жас спортшыларға сәттілік тілеп, дүбірлі додаларда әркез елдің, облыстың атын шығара беретіндіктеріне сенетінін жеткізді.
Пікірлер