Бүгін облыс басшысы Алтай ауданына жасаған жұмыс сапарында бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкім әуелі Лермонтов көшесінде орналасқан көпқабатты үйге барды. 1975 жылы салынған ғимараттағы 41 пәтерде адамдар тұрып жатыр, ал 17 пәтер бос тұр. Аймақ басшысы бұл пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Одан соң әкім 2009 жылы ашылған «Никольск-1» ЖШС жұмысымен танысты.
–Кәсіпорын өсімдік және мал шаруашылықтарымен айналысады. 20 мың гектардан астам жері бар компанияда 15 адам жұмыспен қамтылған. Шаруашылық минералды тыңайтқыштарға, пестицидтерге, тұқымға мемлекеттен субсидия алады, – делінген ақпаратта.
Пікірлер