A+ A A-

talgatzhan 38 Кеше, 16:10 0

Алтай ауданында қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайды

Бүгін / Алтай

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Алтай ауданына барған сапарында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, әсіресе денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.
Әкімнің айтуынша, ауданда медициналық инфрақұрылымды жаңарту қарқын алған. Қазір МРТ орталығының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Тұрғұсұн ауылындағы дәрігерлік амбулатория да толық аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін аудандық медициналық мекемелерге төрт бірлік заманауи құрылғы жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, денсаулық сақтау көрсеткіштерінде де айтарлықтай ілгерілеу бар. Соңғы бір жылда туберкулезден болатын өлім-жітім 66 пайызға төмендесе, қатерлі ісіктен көз жұмғандар 8,7 пайызға азайды. Туберкулезбен сырқаттану деңгейі де 36,1 пайызға төмендеп отыр.
Сонымен қатар, Алтай ауданында кадр мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі уақытта 21 дәрігер жетіспейді. Осыған байланысты облыс әкімі денсаулық сақтау ұйымдарына мамандар тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив