«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы барысында ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды таратумен айналысқан 32 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Санкцияланған жеке тінту кезінде ер адамнан өсімдік тектес заты бар 2 полимерлі пакет тәркіленді. Сондай-ақ көлігінен ерекше иісі бар, ұқсас зат салынған 6 полимерлі пакет пен 1 түйіншек табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 501,6375 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер