Облыс аумағында туристер жиі баратын жерлерге қар көшкіні қаупіне қарсы мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Риддер қаласы маңындағы тауларда қар көшкіні қаупі бар 6 бағытта орналасқан 96 ошақ анықталды. Олардың бірқатары туристер жиі баратын аумақтарда орналасқан. Осыған байланысты «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының Риддер өндірістік-пайдалану бөлімі мамандары қар көшкіні қаупі бар «Чекмарь» бағытына тексеру жүргізді. Мамандар айтуынша, қар жамылғысының орташа қалыңдығы 69 см, кей жерлерде 80 см-ге дейін жетеді. Қар массасының жалпы тұрақтылығы орташа деңгейде бағаланып отыр.
Айта кетейік, алдын алу шаралары аясында туристермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптары ескертілді. Құтқарушылар туристерге ауа райын қадағалап, қар көшкіні қаупі бар беткейлерден алыс маршруттарды таңдауға кеңес береді.
Пікірлер