ШҚО Экология департаментінің мамандары Риддердегі «Казцинк» ЖШС-ның Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру барысында Ескі қалдық қоймасы тотығу тоғанының қалдықтары жер бедерінде ішінара орналасқаны анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша қалдық қоймасының бөгеті маңындағы топырақ жамылғысының ауыр металдармен ластануы анықталды.
Сонымен қатар қалдық қоймасы бөгетінің бортынан судың жер бетіне сіңіп шығуынан шағын ағын су пайда болған.
Кәсіпорынға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп «Казцинк» ЖШС қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер