A+ A A-

talgatzhan 33 14-01-2026, 11:20 0

Риддерде полицейді балағаттаған ер адам жазаланды

Бүгін / Риддер

Қала тұрғыны өз кінәсін мойындап, полиция қызметкерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддер қалалық сотында мемлекеттік қызметкерді қорлады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Анықталғандай, тамыз айында сағат 23:00 шамасында ер адам 102 нөміріне бірнеше рет қоңырау шалып, полиция бөлімінің кезекші көмекшісіне балағат сөздер айтқан.
- Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді. Жасалған әрекет қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. ҚР Қылмыстық кодексі 378 бабының 2 бөлігі бойынша аталған іске айыппұлдан бастап 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Жаза тағайындалмастан бұрын ер адамның бұрын қылмыстық іске тартылмағаны ескерілді. Нәтижесінде оған 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды, - делінген сот ақпаратында, 
Егер ер адам қоғамдық жұмысты орындамаса, өтелмеген әрбір төрт сағат үшін бір күн есептеліп, қамауға алынады.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив