A+ A A-

talgatzhan 43 Кеше, 14:25 0

Жазда күрделі жөндеуден өткен "SHNET" ЖШС қазандығының қазіргі жағдайы қалай?

Бүгін / Риддер

Риддердегі Тишинск шағынауданында орналасқан қазандық жағдайымен өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазір бұл нысан 1 және 2-ші шағынаудандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын балансында барлығы бес қазандық бар, олардың барлығы толық қуатында жұмыс істеуде. Қазандық "Казцинк" ЖШС-ға тиесілі.
"SHNET" ЖШС басшысы Алексей Алыбаевтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілген. Қазандықтар жаз мезгілінде күрделі жөндеуден өтіп, қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
– Қазір барлық қазандық үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Жылумен қамтуда ешқандай іркіліс жоқ. Бұрын жалақыға байланысты белгілі бір қиындық болған еді, алайда бұл мәселе толық шешімін тапты. Қазір барлық қызметкердің еңбекақысы уақтылы төленіп келеді. Жұмысшылар өз міндеттерін жоғары деңгейде атқаруда, – деді "SHNET" ЖШС басшысы Алексей Алыбаев.
Аймақ басшысы нысанның техникалық жағдайын қарап, жылумен қамту жүйесінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуінің маңызын атап өтті.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив